Accessibility links

Иранда әйелдер ұзақ уақыттан соң алғаш рет стадионда футбол көрді


Иран жанкүйерлері Тегеран стадионында. 10 қазан 2019 жыл.

Иранда әйелдердің стадионға кіріп, футбол көруіне1981 жылдан бері алғаш рет рұқсат берілді. 10 қазанда үш мыңнан астам әйел Тегерандағы "Азади" стадионында өткен Иран-Камбоджа футбол матчын тамашалады. Бұл ойында ирандықтар 14:0 есебімен ұтты.

Құқық қорғаушылар оқиғаны түрліше бағалады. Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы билеттер тек таныспен сатылғанын, 78 мың орындық "Азади" стадионында әйелдерге 3,5 мың ғана орын бөлінгенін сынады. Amnesty International ұйымы оқиғаны "көзбояушылық" деп атады.

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін әйелдерге ерлер құрамасы қатысатын футбол ойындарын көруге тыйым салған. Соңғы жылдары баскетбол мен волейболды да көруге шектеу қойған. Футбол көру үшін ер адамша киініп, стадионға барған кейбір әйелдер ұсталып, жазаланған.

Оқи отырыңыз: Иран әйелдерінің қуанышы. Олар ұлттық құрама ойынын стадионнан тамашалайды

Биыл күзде 29 жастағы футбол жанкүйері Сахар Ходаяри әйелдерді стадионға кіргізбегені үшін сот ғимараты алдында өзін-өзі өртеп, көз жұмған. Осы оқиғадан соң Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Иран билігін айыптаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG