Accessibility links

Эфиопия премьері Абий Ахмед бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды


Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед.
Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед.

Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед 2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Лауреаттың есімі 11 қазанда Ослода жарияланды.

Ахмедке бұл сыйлық Эфиопия мен Эритерия арасындағы қақтығысты реттегені үшін берілді.

Былтыр Ахмед премьер-министр болып сайланған соң Эритерия билігімен келісімге келіп, 20 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойған.

1993 жылы Эритерия Эфиопиядан тәуелсіздік алған. Ал 1998 жылы екі ел арасында жерге талас басталған. Қақтығыс екі жылға созылған еді. International Crisis Group дерегінше, бұл қақтығыстан 70 мыңнан 100 мыңға дейін адам мерт болған. 2018 жылы Ахмед даулы жерді Эритерияға берген.

Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына 223 адам мен 78 ұйым үміткер болған. Үміткерлердің толық тізімі мен жеңімпаздың есімі соңғы сәтке дейін құпия сақталды.

Сарапшылар сомалилік Ильвад Эльманды, ливиялық Хаджер Шарифті, гонконгтік белсенді Натан Лауды, швециялық экобелсенді Грета Тунбергті фаворит санаған.

Былтыр бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын конголық хирург Дени Муквеге мен сириялық құқық қорғаушы Надя Мурад алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG