Accessibility links

Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы рұқсат етілген пикет өтті


Ақтөбе қаласында жемқорлыққа қарсы митинг өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

Ақтөбе қаласында жемқорлыққа қарсы митинг өтті

11 қазан күні Ақтөбедегі қалалық мәдениет үйі алдындағы алаңда жемқорлыққа қарсы пикет өтті. Әкімдік рұқсат берген пикетке қолдарына плакат ұстаған он шақты адам жиналды. Парақорлыққа қарсы пикетті жергілікті құқық қорғаушы, «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірова ұйымдастырды.

- Бұл жолы әкімдік рұқсат берген кезде қатты таң қалдым. Дереу пикетке ұстап шығатын плакаттарды дайындамақ болып, бірнеше баспаханаға бардым. Барлығы плакат баспады. Сөздеріне қарағанда, жергілікті әкімдік тыйым салған. Сондықтан талаптарымызды плакатқа фломастермен жазуға тура келді, - дейді Әлима Әбдірова.

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова баспаханаларға жергілікті билік тарапынан ешқандай тапсырма берілмегенін айтады.

11 қазан күнгі пикетке жиналғандар әр саладағы жемқорлық туралы айтып жатты. Ақтөбелік құқық қорғаушы Ольга Климонова «жемқорлық жайлаған саланың бірі – білім саласы» деп санайды. Ольга Климонованың айтуынша, аймақтағы кейбір мектеп басшылары сыныпқа парта алу үшін ата-аналардан қаржы жинаған.

- Мен о баста әкімдіктен "Қытай экспанциясына" қарсы митингі өткізуге рұқсат сұрағанмын. Бұл халықаралық мәселе болғандықтан биліктің жүрегі дауаламады. Сондықтан жемқорлық тақырыбын таңдадым, - дейді құқық қорғаушы.

Ақтөбе қалалық мәдениет үйі алдында бір жарым сағат бойы наразылықтарын айтқан топты күштік құрылымдар мен әкімдік қызметкерлері сырттай бақылап тұрды. Наразы топқа қала тұрғындары арасынан бірең-сараң адам қосылғаны болмаса, сол маңдағы саябақта серуендеушілер жемқорлыққа қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Әлима Әбдірова бұған дейін жергілікті билікке бірнеше рет митингі өткізу туралы өтініш жазған. Бірақ әкімдік ол кезде белсендіге ррұқсат етпеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті дерегінше, Ақтөбе облысында биыл жемқорлыққа қатысты 81 іс тіркелген. Оның төртеуі - білім саласындағы коррупция.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG