Accessibility links

Трамп Джон Салливанды Ресей елшісі етіп тағайындады


Джон Салливан.
Джон Салливан.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма, 11 қазанда Джон Салливанды АҚШ-тың Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады. Сенат оның кандидатурасын мақұлдаған соң Салливан елші қызметіне кіріседі. Бұған дейін Ресей елшісі болған Джон Хантсман 3 қазанда отставкаға кеткен.

59 жастағы Джон Салливан 2017 жылдың мамыр айынан бері АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылы сәуір айында мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқарды.

Оның алдында Салливан АҚШ сауда сауда министрінің орынбасары болды, әділет, сауда, қорғаныс министрліктерінде түрлі қызмет атқарды. АҚШ президентіне заңнамалық, саяси мәселелер бойынша кеңес берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG