Accessibility links

Павлодар облысында 20-дан астам оқушы тамақтан уланды


Павлодар облысы.
Павлодар облысы.

Павлодарское ауылы мектебінің кемінде 22 оқушысы тамаққа уланып, дәрігерлер көмегіне жүгінді деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Облыстық тауар және қызмет көрсету сапасын бақылау департаменті дерегіне сүйенген Рavlodarnews.kz сайты қазір 13 мектеп оқушысының ауруханада жатқанын, қалғаны үйлерінде емделіп жатқанын жазды.

Дәрігерлердің болжамынша, оқушылар 10 қазанда мектеп асханасында тамақ ішіп, уланған. Ертесінде жеті адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, кейінірек улану белгілері байқалған бірнеше оқушыны ауруханаға жатқызған.

Мектеп асханасы мөрмен жабылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сынақ алған. Зерттеу қорытындысы 14 қазанда дайын болады. Жергілікті биліктің айтуынша, мектеп асханасын кәсіпкер жалға алған, бұған дейін тамақ сапасына байланысты ешқандай шағым түспеген.

Қазақстан мектептерінде мемлекеттік тендерді ұтып алған жеке компаниялар балаларды тамақтандырумен айналысады. Оқушылардың жаппай уланғаны туралы ақпарат жиі шығады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG