Accessibility links

Жапониядағы дауыл солтүстік-батысқа қарай жылжып барады


Жапониядағы Тама өзені дауылдан кейін. 12 қазан 2019 жыл.
Жапониядағы Тама өзені дауылдан кейін. 12 қазан 2019 жыл.

Жапонияда соңғы 60 жылда болмаған күшті дауыл соғып, Токио және оған жапсарлас жатқан елді мекендер зардап шекті. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, екі адам қаза тапты, бірнеше адам із-түзсіз жоғалды, 70 адам жараланды.

Билік бұған дейін дауылдан зардап шегуі мүмкін аудандағы 1,6 миллионнан астам тұрғынға басқа жаққа кетуге кеңес берген.

"Хагибис" тайфунына байланысты регбиден әлем кубогы кейінге шегерілді, автомобиль жарыстары кейінге қалды. 1600-ден астам авиарейс тоқтады.

Жапонияның ауа райын болжау агенттігінің дерегінше, сағатына 162 шақырым жылдамдыққа ие дауыл солтүстік-батысқа қарай жылжып барады.

Автомобиль шығаратын Toyota және Honda компаниялары өндірісті уақытша тоқтатты. Токиода дауыл басталмай тұрып көптеген супермаркеттер мен дүкендер жабылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG