Accessibility links

Өзбекстан көші-қон ережесін бұзған шетел азаматтарының жазасын жеңілдетеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан сенаты көші-қон ережесін бұзған шетел азаматтарының жазасын жеңілдетіп, қылмыстық жауапкершілікке тартпауды қарастыратын заң жобасын мақұлдады.

Заң күшіне енсе, ел аумағында тұру ережесін бұзған 18 жасқа толмаған азаматтығы жоқ адам немесе шетел азаматы да әкімшілікке жазаға тартылмайды.

Қазіргі кезде Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде "Өзбекстан Республикасында тұру ережесін бұзғаны" үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сенат қабылдаған заңға президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG