Accessibility links

Бішкек белсенділері қала мэрін тікелей сайлау жайлы бастама көтерді


Бішкек қаласы мэрін сайлау кезіндегі қарсылық акциясы. Бішкек, 8 тамыз 2018 жыл. Көрнекі сурет.
Бішкек қаласы мэрін сайлау кезіндегі қарсылық акциясы. Бішкек, 8 тамыз 2018 жыл. Көрнекі сурет.

Бішкек қаласының белсенділері қала мэрін тікелей сайлау туралы бастама көтерді. Белсенділердің айтуынша, тікелей дауыс беру арқылы сайланған мэр қала тұрғындарына есепті болады. Қазіргі уақытта Бішкек пен Қырғызстанның өзге де қалаларының мэрін жергілікті кенештер сайлайды.

Қала мэрін тікелей сайлау туралы бастама жарияланғанын Қырғызстандағы MoveGreen экоқозғалысының жетекшісі Мария Колесникова Facebook парақшасында жазған.

«Жақын арада Бішкек қалалық кенешіне сайлау болады. Партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларын депутаттар орындамайды, қала мэрлері тұрғындарға құлақ аспайды. Оларды жоғарыдан тағайындайды, ал депутаттар «жалғыз» кандидатты бірауыздан сайлай салады», - деп жазады.

Белсендінің айтуынша, қазірдің өзінде бастамашы топты қолдаушылар көбейе бастаған. Бішкек қаласының қазіргі мэрі Әзиз Суракматов 2018 жылы тамызда сайланғанда бұл қызметтен үміткер «жалғыз» кандидат болған. Оны қалалық кенештегі көпшілік коалиция ұсынған. Қырғызстан заңы бойынша қала мэрін ұсыну құқығы қалалық кенештегі өзге де фракциялар мен премьер-министрде бар.

Бішкек белсенділері 2018 жылы қала мэрін сайлау кезінде қарсылық акциясын өткізіп, тікелей сайлау өткізуді ұсынған. Алайда, Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы ол ұсынысты қабылдамаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG