Accessibility links

Болгария жанкүйерлері Англия ойыншыларына нәсілшілдік сипатта тіл тигізді


София қаласының стадионында өткен Болгария мен Англия матчындағы болгар жанкүйерлері. 14 қазан 2019 жыл.
София қаласының стадионында өткен Болгария мен Англия матчындағы болгар жанкүйерлері. 14 қазан 2019 жыл.

Болгария командасы жанкүйерлерінің ағылшын ойыншыларына нәсілшілдік сипатта тіл тигізгені үшін Болгария футбол ассоциациясының басшысы Борислав Михайлов қызметінен босату туралы өтініш берді. Оқиға 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу матчы кезінде болған.

Болгария мен Англия матчы екі рет тоқтатылған. Бірінші таймда ағылшын құрамасының дебютанты Тайрон Мингс "Левски" стадионының әр тұсынан өзі мен командалас жолдастарының ар-намысына тиетін сөздер айтылып жатқаны жайлы судьяға шағымданған. Болгария командасының жанкүйерлері матч кезінде адамды қорлайтын ишарат көрсеткен, оның ішінде нацистік пиғылды білдіретін белгілер де болған. Мұндай ақпаратты CNN телеарнасы хабарлады.

Михайловты қызметінен кетуге мәжбүрлеген Болгария премьер-министрі Бойко Борисов "ағылшын жағы да болған оқиға бояуын тым қалыңдатып жіберді" деді.

«Немецкая волнаның» хабарлауынша, ФИФА президенті Джанни Инфантино футбол ассоциацияларын футболдағы нәсілшілдікті түбегейлі жоятын неғұрлым әсерлі де тиімді тәсіл ойластыруға шақырған. Осындай шараның бірі ретінде футбол матчтары кезінде нәсілшілдік іс-әрекетімен танылып, кінәлі саналған адамдарды стадионға өмір бойы кіргізбеу жөнінде ұсыныс жасаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG