Accessibility links

Қырғызстан: Сирияда шамамен 500 қырғыз азаматы қамауда отыр


Көрнекі сурет.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мирлан Тургунбаев 16 қазанда Сириядағы лагерьлер мен түрмелерде шамамен 500 қырғыз азаматы отырғанын айтты. Парламент депутаттарының сұрақтарына жауап берген комитет өкілі Сириядан әйелдер мен балаларды еліне қайтару бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын жеткізді.

"Сириядағы әйелдер мен балалардың аты-жөндерін анықтап жатырмыз. Босқындар лагерінде және түрмелерде 500-ден астам қырғыз азаматы бар. Оларды еліне қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр" деді Тургунбаев.

Бұған дейін Қырғызстан билігі Сириядағы қырғыз азаматтарымен кездесу үшін халықаралық ұйымдар мен Түркиядағы Қырғызстан елшілігінің көмегіне жүгінген. Үкіметте вице-премьер Жениш Разаковтің жетекшілік етуімен қырғыздарды еліне қайтару бойынша жұмыс тобы құрылған. Разаков Иракта қақтығыс аймақтарында ата-анасыз 78 қырғыз бала қалғанын айтқан. Олардың аналары қамауда отыр.

Ресми дерек бойынша, 2013-2014 жылдары Сирия мен Ирактағы қақтығыс ошақтарына шамамен 800 қырғыз азаматы кеткен. Олардың 150-і - әйел. Шамамен 200 азамат соғыста қаза тапқан.

Бұған дейін Қазақстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан Ирак пен Сирияға соғысқа кеткен азаматтарын қақтығыс ошақтарынан эвакуациялаған. 2019 жылы Қазақстан билігі "Жусан" операциясы барысында Сириядан 516 адамды жеткізген, олардың 360-ы - бала. Сириядан оралғандардың кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталды.

Өткен апта соңында Өзбекстан билігі 64 баланы Ирактан еліне жеткізгенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Өзбекстан 64 баланы Ирактан әкелді

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 26.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG