Accessibility links

Ауғанстан шығысында мешітте екі жарылыс болып, 30-ға жуық адам қаза тапты


Жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүрген адамдар. Ауғанстан, Нангархар провинциясы, 2018 жыл.

Ауғанстан шығысында мешітте қатарынан екі рет жарылыс болып, 30-ға жуық адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Қолда бар ақпарат бойынша, 18 қазанда түс кезінде жұма намазына қатысу үшін жұрт мешітке жиналған кезде жарылыс болған. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда кейбір адамдар үйінді астында қалған.

"Зардап шеккендер саны көп болуы ықтимал, құтқарушылар және қарапайым тұрғындар үйінді астынан мәйіттерді шығарып жатыр" деді Нангархар провинциясы басшысының кеңесшісі Сохраб Қадери.

"Жарылыс салдарынан мешіттің төбесі құлады" деді провинция басшысының ресми өкілі Аттаулах Хогиани. Әзірге ешқандай ұйым шабуылды мойнына алған жоқ. Нангархар провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен "Талибан" қозғалысы әрекет етеді.

8 қазанда Нангархар провинциясының орталығы Жалалабад қаласында жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан бойынша миссиясының (UNAMA) мәліметіне қарағанда, биыл алты айда Ауғанстанда 1366 бейбіт адам өлтіріліп, 2446 адам жараланған. Ұйым өте көп адамның жарылыс құрбанына айналғанын мәлімдеп, "бұған мүлде жол беруге болмайды" деп айыптаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG