Accessibility links

Красноярск өлкесінде бөгет жарылып, кемінде 12 адам қаза тапты


Апаттан кейінгі көрініс. Сурет жоғарыдан түсірілген. Ресей, Красноярск өлкесі, 19 қазан 2019 жыл.
Апаттан кейінгі көрініс. Сурет жоғарыдан түсірілген. Ресей, Красноярск өлкесі, 19 қазан 2019 жыл.

Ресейдің Красноярск өлкесінде Сейба өзенінде бөгет жарылып, кемінде 12 адам қаза тапты деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі. Министрлік дерегіне сүйенген ТАСС агенттігінің жазуынша, 19 адам жараланған, 13 адам із-түзсіз жоғалған.

Ақпарат бойынша, 19 қазанда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат алтыда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы бес) Красноярск қаласының оңтүстігінен 260 шақырым жердегі Щетинино ауылы маңындағы бөгет жарылып, жұмысшылардың екі уақытша жатақханасын су басқан. Жатақханада 80 адам болуы мүмкін. Жергілікті билік әзірге олардың санын анықтай алмады. Кейбір дерек бойынша, бөгет орналасқан су қоймасы алтын өндіретін компанияға тиесілі.

Ресейдің төтенше жағдай министрлігі оқиға орнында шамамен 270 құтқарушы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Елді мекенге көрші аудандағы дәрігерлер жіберілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG