Accessibility links

Өзбекстанда "контрабанда" бойынша айыпталған ақын шартты түрде сотталды


Ақын әрі журналист Махмуд Раджаб (сол жағында).
Ақын әрі журналист Махмуд Раджаб (сол жағында).

Өзбекстанда Хорезм соты "контрабандамен айналысты" және "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған ақын, журналист Махмуд Раджабты екі жыл үш айға шартты жазаға кесті. Сот Раджабты екі эпизод бойынша кінәлі деп тапты.

2019 жылы сәуір айында Түркиядан оралған ақыннан шекарашылар бірнеше кітапты кәмпескелеген. Осыдан кейін оған контрабанда бойынша айып тағылды.

Қыркүйек айында Раджаб және оның жақтастары ішкі істер министрлігінен істі жабуды талап ету мақсатында Хорезмнен Ташкентке қарай жаяу жолға шыққан еді. Алайда полиция жолай маршты тоқтатып, Раджаб пен оның жақтастарын, туыстарын ұстады.

Журналист пен жақтастарының ұсталуы:

Как в Узбекистане задержали журналиста и его родных
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:40 0:00

Ұсталғандар "қоғамдық акция өткізу ережесін бұзды" деп айыпталып, әрқайсысы он күннен қамалып шықты. Солардың бірі ағылшын тілінің мұғалімі, блогер Нафосат Оллошукурованы сот жақында күшпен облыстық психиатриялық ауруханаға жіберді. Қазан айында халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to protest journalists) Өзбекстан билігін блогерді босатуға шақырған.

Өзбек белсенділері блогер Нафосат Оллошукурованы босатуды талап етті:

Активисты в Узбекистане требуют освободить блогера Нафосат Оллошукурову
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:26 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG