Accessibility links

BBC: Джонсон Брекзитке байланысты Брюссельге екі түрлі хат жолдады


Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон парламент отырысында. 19 қазан 2019 жыл.

19 қазанда британ парламентінің қауымдар палатасы Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы жөнінде келісімді қызу талқылап, ақырында парламент Еуроодақтан шығуға қатысты барлық заңдар қабылданбайынша Брекзит туралы келісімді шегере тұруға дауыс берді (322 депутат - қолдап, 306 - қарсы дауыс берді ).

Парламенттегі талқылау тікелей эфирде көрсетілді:

BBC сайтының хабарлауынша, Еуроодақпен жасасқан келісімді мақұлдата алмаған премьер-министр Борис Джонсон Брюссельге екі түрлі хат жолдады. Бірінде Брекзитті кейінге қалдыру туралы сұраған, бірақ ол хатқа қол қоймаған. Екінші хатта Джонсон Брекзитті кейінге қалдыру қателік болатынын айтып, қол қойған.

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск Брекзитті кейінге қалдыру туралы өтініш хат алғанын растап, Еуроодақ жетекшілерімен мәселені талқылайтынын жеткізді.

Парламентте жеңілгеніне қарамастан Борис Джонсон 31 қазанға дейін Ұлыбританияны Еуроодақтан шығарып үлгеретінін айтып отыр. "Кейінге қалдыру жөнінде келіссөз жүргізбеймін" деді ол парламент отырысынан кейін.

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мерзімі 31 қазанға белгіленген. Брекзит келісімінде сұрақ тудырып отырған ең басты мәселе Еуропа одағының мүшесі Ирландия мен Британия провинциясы Солтүстік Ирландия арасындағы шекара болып тұр. Жаңа келісім бойынша, тұтас Ирландия аралында ешқандай кедендік тексеріс болмайды, Солтүстік Ирландия Ұлыбританияның кедендік аумағы болып қала бермек. Онда Еуроодақтың біртұтас нарығының кейбір ережелері сақталып қалады.

Бұған дейін Еуроодақ бұл ережелердің күрделі екенін, контрабанда қылмысын көбейтіп жіберуі мүмкін деген қауіп айтқан. Бірақ премер-министр Борис Джонсон Еуроодақ өкілдерін бұл жоспарды жүзеге асыруға болады деп көндірген.

Сенбі күні парламентте қызу талқылау жүріп жатқан кезде ғимарат сыртында жаппай акция өтіп, наразылар Еуроодақтан шығу туралы мәселе бойынша қайта референдум өткізуді талап етті. Наразылар арасында Лондон мэрі Садик Хан да болды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 26.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG