Accessibility links

Әйелдерге зорлық көрсетуге қарсылық білдірген Баку белсенділерін полиция ұстады


Әйелдерге зорлық көрсетуге қарсылық білдірген белсенділер. Баку 20 қазан 2019 жыл.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында екінші күн қатарынан рұқсатсыз акцияға шыққан белсенділерді полиция ұстады. Негізінен әйелдерден құралған 50-60 адам полиция бұрын жоспарланған марш жолын жапқан соң Баку орталығына жиналған.

Полиция белсенділердің плакаттарын тартып алып, кейбір белсенділердің өздерін алып кеткен. Наразылық акциясына шыққандар «Әйелдерге зорлық болмасын», «Зорлыққа үнсіз қалмайық» деп ұрандатқан. Оның алдында полиция саяси тұтқындарды босатуға, табиғи газ бен электр қуаты тарифтерін арзандатуға шақырған ондаған белсендіні алып кеткен еді.

Оңтүстік Кавказдағы он миллионнан астам халқы бар Әзербайжанды президент Ильхам Әлиев 2003 жылдан басқарып келеді. Әкесі, Әзербайжан президенті Гейдар Әлиев қайтыс боларынан аз уақыт бұрын оны өз орнына ұсынған.

Ильхам Әлиев басқарған кезеңде тәуелсіз ақпарат құралдары жабылып, билікті сынаған қоғам белсенділері, журналистер мен құқық қорғаушылар түрлі саяси желеулермен қамауға алынып, сотталған.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантин көп балалы шаңыраққа қалай әсер етті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00
XS
SM
MD
LG