Accessibility links

Прокурор Қайырлы Омарды төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


Азаматтық белсенді Қайырлы Омар сот залында. Нұр-Сұлтан, 24 шілде 2019 жыл.
Азаматтық белсенді Қайырлы Омар сот залында. Нұр-Сұлтан, 24 шілде 2019 жыл.

Прокурор «Жер тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қайырлы Омарды төрт жылға бас бостандығынан айырып, мерзімін өтеген соң төрт жыл басшылық қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады деп хабарлады құқық қоғаушылар. Дүйсенбі 21 қазанда Нұр-Сұлтанның Сарыарқа аудандық №2 сотында жарыссөз басталды. Прокурор сөйлеген соң судья сағат 15-ке дейін үзіліс жариялады.

"Жер тағдыры" қоғамдық бірестігінің жетекшісі Қайырлы Омар 2018 жылдың 5 шілдесінде қамалған. Оған қылмыстық кодекстің 189-бабындағы "сеніп тапсырылған "бөтеннің мүлкін талан-таражға салды" деген айып тағылған еді.

Прокурор бүгінгі сөзінде оған тағылған айыпты "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі көлемде талан-таражға салды немесе ұрлады" деп нақтылады.

59 жастағы белсенді Қайырлы Омар қамауға алынғанға дейін "Азат шаңырағы" жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметін атқарған. Омарға қатысты қылмыстық іс ол басқарған кооператив үйлеріндегі пәтерлердің бірін жалдап тұрған Жанар Қозыбақованың полицияға "жөндеу жұмысы үшін төлеген 4 мың теңгемнің қалай жұмсалғанын білгім келеді" деген арызынан соң қозғалған.

Қайырлы Омар өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Омар бұл айыптың "саяси астары бар" деп санайды. Белсенді 2016-2017 жылдары жерді шетелдіктерге беру мәселесінде билікке наразылық білдірген. Қазақстандық құқық қорғаушылар Қайырлы Омарды "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG