Accessibility links

Ресейліктердің 58 пайызы "елдегі жағдайға ықпалымыз жоқ" деп санайды


 Сауалнама сәті. Көрнекі сурет.
Сауалнама сәті. Көрнекі сурет.

Ресей халқының көпшілігі (58 пайызы) Ресейде болып жатқан оқиғаларға "ешқандай ықпалымыз жоқ" деп санайды. Ресей азаматтарының 38 пайызы "ықпал ете аламыз" деп ойлайды. Сұралғандардың 6 пайызы Ресейдегі оқиғаларға "елеулі әсер етіп отырмыз" десе, тек 5 пайызы "ықпал етуге толық мүмкіндігіміз бар" деп біледі. Бұл деректер "Левада-центр" орталығының қыркүйектің соңы, қазанның басында жүргізген сауалнамасынан кейін пайда болған.

Респонденттердің 13 пайызы Ресейдегі оқиғаларға "толық жауаптымыз" деп санайды. 39 пайызы өздерін жауапты сезінбейді.

Сұрау нәтижелеріне қарағанда, ресейліктер көбіне өз отбасындағы (95 пайызы) және жұмысындағы (62 пайызы) жағдайға қандай да бір деңгейде ықпал ете аламыз деп ойлайды. Басым көпшілі өзі өмір сүретін қалаға немесе ауданға ықпал ететіне сенеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG