Accessibility links

Донецк сепаратистері Азаттық авторын 15 жылға түрмеге қамады


Станислав Асеев
Станислав Асеев

Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» соты Украина журналисі Станислав Асеевті 15 жылға қатаң режимдегі колонияға қамау жөнінде үкім шығарды. Бұл ақпаратты сепаратистер бақылайтын аумақтағы Донецк жаңалықтар агенттігі таратты.

Сепаратистердің жоғары соты бұл үкімді тамыз айында шығарған. Журналист сепаратистік республиканың «аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге шақырды», «тыңшылық жасады», «экстремизммен шұғылданды» деп айыпталған.

Асеев – Азаттық радиосы Украин қызметінің штаттан тыс авторы. 30 жастағы журналист сепаратистер қолындағы Донецкіде жұмысын жалғастырып жүрген санаулы репортерлердің бірі. Сепаратистер оны 2017 жылдың көктемінде қамауға алған.

Халықаралық ұйымдар мен әлемнің жетекші медиа құрылымдарының өкілдері Асеевті босатуды талап етеді. Қазан айында Киев қаласында өткен баспасөз мәслихатында Азат Еуропа/Азаттық медиакорпорациясының президенті Джейми Флай да Асеевті босатуға шақырды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG