Accessibility links

Көпір құрылысына қарсы Орал тұрғындары интернетте қол жинай бастады


Көпір құрылысына қатысты Орал қаласындағы қоғамдық тыңдау. 8 қазан 2019 жыл.

Оралда жаңа ауданмен жалғайды деп жоспарланған Шаған өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына қарсы тұрғындар интернетте қол жинап жатыр. Олардың пікірінше, бұл қала экологиясына зиян келтіреді.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде петицияның сілтемесін таратып жатыр. Бірнеше сағаттың ішінде екі мың қол жиналды. Онлайн-петиция Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Орал әкімі Абат Шыныбеков сонымен бірге БҚО депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің атына жазылған. Петиция авторы, блогер Асқар Шайғұмаров қол жинау арқылы биліктің назарын осы мәселеге назар аудартуға тырысып отырғанын айтады. "Егер билік тыңдауға дайын болса, тұрғындар да диалогқа дайын" дейді.

- Құрылысқа байланысты үйлері сүрілуі мүмкін аудан тұрғындары қазір қол жинап жатыр. Бәріміз бұл жобаға қарсымыз, - дейді Асқар Шайғұмаров.

Орал қаласының орталығын жаңа Ақжайық ауданымен байланыстыруы тиіс жаңа көпір құрылысы қала тұрғындарының наразылығын туғызды. Жаңа көпір салу үшін 1498 ағаш кесіліп, бірнеше үй мен саяжай бұзылады. Шаған өзені арқылы өтетін көпір құрылысына 8-13 миллиард теңге аралығында қаржы жұмсалмақ.

Қалалық әкімдік өкілдерімен кездесуде кей тұрғындар көпірді басқа жаққа салуды ұсынса, кейбірі жобадан мүлде бас тартуды талап етті. Шенеуніктер азаматтардың ұсыныстарын ескеруге уәде берді, бірақ қала әкімінің орынбасары Бекжан Түкжанов құрылыс жобасы бекітіліп қойғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 26.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG