Accessibility links

Ресей ғалымдары шетелдік әріптестерімен кездесуді қатаң бақыламауды сұрады


Ресей ғылым академиясы.

Ресей ғылым академиясының төралқасы Білім және ғылым министрлігінен Ресей ғалымдарының шетелдік әріптестерімен байланысына бақылауды күшейту жөнінде таяуда қабылданған шараларды қайта қарастыруды сұрады.

РҒА вице-президенті Алексей Хохлов фейсбуктегі парақшасында "Мұндай регламентті үтір-нүктесіне дейтін орындайтын болсақ «Ғылым» және «Білім» ұлттық жобаларының негізгі мақсатына жетуге ғана қауіп төндіріп қоймай, көптеген ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының да ғылыми жұмыстарын кері кетіреді", - деп жазды.

Биыл ақпанда Ресей білім және ғылым министрлігі ғалымдардың шетелдік ғалымдармен қатынасына қойылатын талаптар туралы бұйрық шығарған. Бұйрықта шетелдік әріптестерімен кез келген кездесуді министрлікпен келісу, олармен оңаша жолықпау, әрбір кездесуде қандай әңгіме болғаны жайлы егжей-тегжейлі есеп беру және кездесуге қатысқандардың барлығының паспортының көшірмесін тапсыру жайлы айтылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG