Accessibility links

Ауғанстан полициясының 15 қызметкері тәліптер қолынан оққа ұшты


Құндыз провинциясының Имам Сахиб ауданы. Ауғанстан. Көрнекі сурет.
Құндыз провинциясының Имам Сахиб ауданы. Ауғанстан. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның Құндыз провинциясында тәліптер шабуылынан полицияның 15 қызметкері қаза болды. Бұл ақпаратты Құндыз провинциясы кеңесінің мүшесі Гулам Раббани таратты.

Оның сөзінше, тәліптер Әли Абад ауданында да полицияны торуылдап, тосқауыл қойған. Тәлібтердің өкілі полицияға шабуылды «Талибан» қозғалысы жасағанын растады.

Ауған әскері соңғы бірнеше апта Құндыз провинциясының Дешті Арчи және Имам Сахиб аудандарында «Талибан» экстремистік тобына қарсы операция жүргізіп келеді. 2015 жылы Құндыз провинциясының әкімшілік орталығы - Құндыз қаласы екі аптаға жуық тәліп содырларының бақылауында қалған. Қала одан бері де бірнеше рет тәліптер шабуылына ұшырады.

Қазіргі уақытта Ауғанстанның жарты аумағына бақылау жасап отырған тәліптер Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне жиі шабуылдайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG