Accessibility links

Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырудың заңдылығы қаралып жатыр


Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырудың заңдылығын қарастырып отырған конституциялық палата судьялары. Бішкек, 23 қазан 2019 жыл.
Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырудың заңдылығын қарастырып отырған конституциялық палата судьялары. Бішкек, 23 қазан 2019 жыл.

Қырғызстан Жогорку Кенешінің конституцилық палатасы бүгін, 23 қазанда Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырудың заңдылығын қарастырып жатыр.

Атамбаевтың мүддесін қорғайтын адвокат Нұрбек Токтакунов судьялар төрағасы Карыбек Дүйшеевті алқа құрамынан шығаруды ұсынған. Оның сөзінше, Дүйшеев 2013-2014 жылдары парламенттің сол кездегі төрағасы Асылбек Жээнбековтің кеңесшісі болған. Асылбек Жээнбеков Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің туған бауыры.

Кеңес бөлмесінен оралған сот Карыбек Дүйшеевтің қазіргі қызметінің іске қатысы жоқ деген шешім шығарды.

Қырғыз парламенті конституциялық палатасының кеңесі:

27 маусымда парламент Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырған. Оған дейін арнайы депутат комиссиясы Атамбаевқа алты айып артқан. Бас прокуратура тексере келе бесеуі негізсіз деген қорытынды шығарған. Оның ішінде "Алмазбек Атамбаев аты-шулы қылмыскер Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға араласты", "Бішкек жылу электр станциясын жаңарту кезінде және оған көмір жеткізу кезінде жемқорлыққа қатысты" деген айыптар болған. Алмазбек Атамбаев мұндай айыптаулардың артында саяси мақсат бар деп есептейтінін білдіріп, парламенттің экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешімін констицияға сай емес деп бағалаған.

Қазіргі уақытта Бішкектің бірінші май аудандық сотында Батукаев ісі бойынша сот процесі жүріп жатыр. Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында қамауда отырған Атамбаев ол сотқа барудан бас тартқан.

7-8 тамызда Шу облысының Қой-Таш ауылында «бұрынғы президент Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп әкелу шарасы» өткен. Шара барысында арнайы қызмет өкілі қаза болып, ондаған адам жарақаттанған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG