Accessibility links

Ақталған судьяны Алматы соты қайта соттады


Алматы қаласының Алмалы аудандық соты. 18 желтоқсан 2015 жыл. Көрнекі сурет.
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты. 18 желтоқсан 2015 жыл. Көрнекі сурет.

Алматы қалалық соты «пара алмақ болды», «алаяқтық жасады» деп айыпталған судьяны ақтау туралы сот үкімін бұзып, үш жарым жылға бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты 23 қазанда жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады.

Алматы қаласының Әуезов аудандық №2 сотының судьясы Андрей Штенке 2019 жылы ақпанда жемқорлықпен күрес органдарының операциясынан кейін ұсталған. Тергеу мәліметіне қарағанда, 2018 жылдың соңында судья кезінде Штейнке жылжымайтын мүлік ауыртпалығынан босатуға көмектесу мақсатында танысынан пара алған. Андрей Штейнке сот кезінде бұл айыпты теріске шығарған.

Биыл 23 шілдеде Алмалы аудандық соты «қылмыстық құрамы жоқтығына» байланысты 40 жастағы Андрей Штейнкені ақтап шығарды. Аудандық сот "ақшаны беру сәті анықталмады" деп мәлімдеген.

"Пара алу үстінде" ұсталған судьяның бұлайша ақталғаны қоғамда түрлі пікір тудырған. Кейіннен қалалық сот "бейпроцессуалды байланысқа түскен" Штейнке қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді.

Бүгін жемқорлықпен күрес қызметі Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша апелляция алқасы Штейнкені кінәлі деп танып, үш жарым жыл түрмеге қамау туралы үкім шығарғанын хабарлады. Ол сонымен бірге мемлекет қызметін атқару құқығын айырылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG