Accessibility links

Doing Business: Қазақстан 25-орынды иеленді


Белградта Дүниежүзілік банктің Doing Business есебін таныстыру шарасы. 31 қазан 2018 жыл. Көрнекі сурет.
Белградта Дүниежүзілік банктің Doing Business есебін таныстыру шарасы. 31 қазан 2018 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің әлем елдеріндегі бизнеске қолайлы жағдай жасау көрсеткіштерін бағалайтын Doing Business рейтингінде көрсеткішін жақсартып, 25 орынды иеленді. Былтыр Қазақстан 28 орында болған.

Зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанда бизнес бастау (22), несие алу (25) және құрылысқа рұқсат алу (37) бойынша ілгерілеушілік байқалған. Ұйым есебінде мысалы, Қазақстанда несие алу оңайланғаны, оған қатысты процедуралардың қауіпсіз бола бастағаны, несие туралы ақпарат алу жеңілдегені жазылған.

Ұйым сарапшыларының жазуынша, дегенмен Қазақстанда банкроттық мәселесін шешу (42) және меншікті тіркеу (24) бойынша жағдай керісінше күрделенген.

"Қазақстан мүлікті тіркеу жарнасын төмендету арқылы мүлікті тіркеу құнын арзандатты. Қазақстан сонымен бірге қосымша төлемдер енгізу арқылы мүлікті табыстау процесін қиындатып жіберді" делінген есептің меншікті тіркеуге қатысты бөлімінде.

Дүниежүзілік банк жыл сайынғы рейтингін бизнес ашу, құрылыс бастауға рұқсат алу, несиеге қолжетімділік, инвесторлар құқығын қорғау, салық төлеу, келісімдердің орындалуын қадағалау және банкроттықты реттеу және тағы бірнеше шартқа қарап түзеді.

2019 жылғы рейтингіде Қазақстан Ресей (28-орын) мен кейбір постсоветтік республикалардан, Еуропаның бірнеше елі, оның ішінде Испания (30) және Польшадан (40) озған. Қазақстанның көршілері Қырғызстан - 80, Өзбекстан - 69 орын алған, Тәжікстан 106 орында тұр. Әлемнің 190 еліндегі кәсіпкерліктің дамуына баға берген рейтингіге Түркіменстан енбеген.

Рейтингтегі алғашқы үш орында Жаңа Зеландия, Сингапур мен Гонконг тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG