Accessibility links

Сахаров сыйлығы Қытай түрмесінде отырған құқық қорғаушы Ильхам Тохтыға берілді


Сахаров атындағы сыйлықтың биылғы лауреаты Ильхам Тохты.

Еуропа парламенті Сахаров атындағы сыйлықты Қытайдағы ұйғырлардың құқығын қорғаумен айналысқан, қазір сол жақта түрмеде отырған құқық қорғаушы Ильхам Тохтыға берді. Заң шығарушы орган жетекшісі Давид Сассоли 24 қазанда лауреат есімін жариялап, Қытай билігін "Тохтыны дереу босатуға шақырды".

Сепаратизм бойынша айыпталып, өмірлік түрме жазасына кесілген Ильхам Тохтымен бірге бұл сыйлыққа бір топ кениялық студенттер мен Бразиялияның үш құқық қорғаушысы ұсынылған еді. Африка студенттері әйелдерді "сүндетке отырғызу" практикасынан зардап шеккен әйелдерге арнап мобильді қосымша жасаған. Ал Латын Американың үш құқық қорғаушысы Амазонда тропикалық ормандарды сақтап қалу үшін күш салған.

Халықаралық ұйым дерегінше, шамамен миллион этникалық ұйғыр мен өзге де түркітілді этникалық топтар Шыңжаңдағы "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлерінде" отыр. Пекин бұл лагерьлерді "түрлі кәсіпке баулитын" орталық деп атайды.

Шыңжаңға жүргізген саясатына байланысты халықаралық қауымдастық сынына ұшыраған Қытай жақында елдің солтүстік-батысында экстремизммен күресіп жатқанын тағы да қайталады.

Сахаров сыйлығын Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындаған. Сыйлық адам құқықтары мен оның негізгі еркіндіктерін қорғауға ерекше үлес қосқандарға беріледі.

Өткен жылы сыйлық Украина режиссері Олег Сенцовқа берілді, бірақ әзірге сыйлық режиссерге тапсырылған жоқ. Ресей түрмесінде отырған Сенцов биыл қыркүйек айының басында Украинамен тұтқын алмасу операциясы барысында босап шыққан. Оған сыйлық Страсбургта беріледі деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG