Accessibility links

Пентагон мұнай кеніштерін қорғау үшін Сирияға қосымша әскер жібереді


"Сирия демократиялық күштер" бақылауындағы мұнай кеніші. Шілде айы, 2017 жыл.
"Сирия демократиялық күштер" бақылауындағы мұнай кеніші. Шілде айы, 2017 жыл.

24 қазанда Пентагон мұнай кеніштерін содырлардан қорғау мақсатында Сирияның солтүстік-шығысына қосымша әскер жіберетінін мәлімдеді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Түркиямен шекаралас аумақтан Америка әскерін алып кететінін хабарлаған.

Трамптың Сириядан әскер алып кету туралы шешімін демократтар мен республикашылдар өткір сынады. Көбі "Сирия демократиялық күштері" (SDF) тобының түрмесінде отырған шамамен он мың содыр осы қауырт сәтті пайдаланып, қашып кетуі мүмкін деп қауіптенген. Бұған дейін күрдтер лагерьден жүздеген содыр қашып кеткенін де хабарлаған.

"Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте АҚШ пен оның одақтастары қол жеткізген елеулі жетістіктердің бірі Сирия шығысындағы мұнай кеніштеріне бақылау орнату болды. Бұл ИМ тобының негізгі табыс көзі саналған" делінген АҚШ қорғаныс министрлігінің 24 қазанда таратқан мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде АҚШ-тың "Сирия демократиялық күштерімен" әріптестікті нығайтып, мұнай кеніштерін "Ислам мемлекеті" немесе өзге де террористік топтардан қорғау үшін қосымша әскер жіберуді жоспарлап отырғаны жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG