Accessibility links

Трамп әкімшілігі "Ашық аспан" жайлы келісімнен шығуды көздейді


АҚШ-тың алысқа ұшатын B-52 Stratofortress бомбалаушы ұшағы Норвегия үстінен өтіп барады. 28 наурыз 2019 жыл.
АҚШ-тың алысқа ұшатын B-52 Stratofortress бомбалаушы ұшағы Норвегия үстінен өтіп барады. 28 наурыз 2019 жыл.

Трамп әкімшілігі Ресей мен Батыс арасындағы өзара сенімді нығайту мақсатында осыдан отыз жыл бұрын қол қойылған "Ашық аспан" жайлы келісімнен шығуды көздейді. Бұл келісім бойынша, әр мемлекет өз аумағының үстінен әуе кеңістігі арқылы бақылауға рұқсат береді.

The Wall Street Journal (WSJ) журналы келісімнен шығуды қырғи қабақ соғыстан кейін құрылған бақылау тетіктерінен бас тартуға бағытталған тағы бір қадам деп бағалайды.

Биыл АҚШ пен Ресей орта және қысқа қашықтықта ұшатын зымырандар туралы келісімшартты тоқтатқан. Стратегиялық шабуылдаушы қарулар (СНВ-1) туралы 2021 жылға дейін күші бар келісім мәселесінде де белгісіздік байқалған.

Ресми дереккөздерге қарағанда "Ашық аспан" туралы 1992 жылы жасалған келісімнен шығу жөніндегі құжатқа Трамп қазірдің өзінде қол қойғанға ұқсайды. Әзірге Ақ үй оны нақтылай түсетін сұраққа жауап берген жоқ. Әкімшіліктің ресми өкілдерінің сөзіне қарағанда, пікірталас әзірге жалғасып жатыр, "қазіргі президент кезінде бәрі мүмкін"

"Ашық аспан" идеясы 1955 жылы пайда болған еді. АҚШ-тың сол кездегі президенті Дуайт Эйзенхауэр Совет одағы мен АҚШ-тың үстінен әуе кеңістігі арқылы бақылау миссиясын жүргізуге шақырған болатын. Бірақ ол келісімшартқа айналмаған.

Қырғи қабақ соғыс аяқталған қарсаңда, 1990 жылдары АҚШ президенті Джордж Буш әкімшілігі бұрынғы қарсыластарымен "Ашық аспан" туралы келісімді талқылауға кіріскен. Бұл келісімге арасында АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Ресей, Украйна бар, барлығы 34 мемлекет қосылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG