Accessibility links

Гигея астероидын ең кішкентай "ергежейлі планета" деп атауды ұсынды


Гигеяның Жерден түсірілген суреті.

Астрономдар 19 ғасырда Марс пен Юпитердің арасында астероидтардың Негізгі белдеуінен табылған Гигея астероидын Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета деп атауды ұсынды. Ұсыныс Nature Astronomy журналында жарияланды.

Ғалымдар Гигея астероидын Чилидегі VLT телескопымен зерттеп, мінсіз сфера пішіндес екенін анықтады. Шар тәріздес форма – астрономдар белгілеген "ергежейлі планета" өлшемдерінің бірі.

"Ергежейлі планета" анықтамасына сай келуі үшін Күн жүйесіндегі ғарыш денесі спутник болмай, сфера пішінін сақтайтын белгілі бір салмақпен Күнді айналуы керек. Халықаралық астрономия одағы 2006 жылы осындай өлшем бекіткен.

Қазіргі уақытта Күн жүйесінде "ергежейлі планета" анықтамасына сай келетін бес нысан бар. Олардың ең белгілісі астероидтердің Негізгі белдеуіндегі Церера. Гигея бәрінен кіші. Диаметрі 430 километр Гигея диаметрі 2376 километр Плутоннан бес жарым есе шағын.

Плутон.
Плутон.

Гигеяның жаңа мәртебесін халықаралық астрономиялық одақ ресми түрде бекітуі тиіс. Бас ассамблеяның келесі отырысы 2021 жылы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG