Accessibility links

Британ парламенті Джонсонның сайлау жоспарын қолдамады


Британия премьер-министрі Борис Джонсон

Британия парламентінде дүйсенбі күні кешке 12 желтоқсанда мерзімінен бұрын жалпыға бірдей сайлау өткізу туралы дауыс беру процесі өтті. Бастаманы Борис Джонсон бастаған консерваторлар көтерген. Сайлау өткізуді 70 адам қолдап, 299 адам қарсы болды. Заң бойынша, мерзімінен бұрын сайлау, егер үкіметке сенімсіздік вотумынсыз жарияланатын болса, оған қауымдар палатасының үштен екісі, яғни 434 депутат дауыс беруі керек.

Сейсенбі, 29 қазанда премьер-министр Джонсон мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жаңа заң жобасын парламентке ұсынуы тиіс.

Премьер-министр "бұл парламент шешім қабылдау қабілетінен айырылды" деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG