Accessibility links

Макронның пікірін сынаған Украина мен Болгария Францияға қарсылық нотасын жолдады


Франция президенті Эммануэль Макрон.
Франция президенті Эммануэль Макрон.

Украина мен Болгария Франция президенті Эммануэль Макронның "заңсыз мигранттар" туралы айтқан пікірін сынап, Францияға қарсылық нотасын жолдады. 1 қараша күні Valeurs Actuelles журналына берген сұхбатында Макрон Украина мен Болгариядан "заңсыз мигранттар" келгенше Гвинея немесе Код-д'Ивуардан заңды мигранттар келгені дұрыс деп айтқан.

Болгария 4 қарашада Софиядағы Франция елшісін шақыратынын айтты. Ал Украина 1 қарашада Франция елшісінен мәселені түсіндіруді талап еткен. Украинаның сыртқы істер министрігінің хабарлауынша, елші Макронның сөзі контекстен алынып, бұрмаланды деп айтқан.

"Ешкімнің болгар және украин халқының ар-намысына тиюіне құқығы жоқ" деді Болгария премьер-министрінің орынбасары Красимир Каракачанов.

Valeurs Actuelles журналына берген сұхбатында Эммануэль Макрон заңсыз мигранттардан гөрі "көші-қонның квота негізінде" жүзеге асырылғаны дұрыс деп айтқан.

"Мен Болгария немесе Украинаның заңсыз миграция арналарынан гөрі Гвинея немесе Код-д'Ивуардан адамдардың заңды келіп, жұмыс істегенін құп көрем" деді Макрон.

Болгария "Макрон пакеті" деп аталып кеткен Еуропа комиссиясының заңсыз жүк тасымалдауға қатысты реформасына қарсы шықты. Софияның пікірінше, бұл реформа орталық және шығыс Еуропадан жүк тасымалдайтын компаниялар арасында бәсекені жояды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG