Accessibility links

Шымкентте бір отбасының екі сәбиі "тамақтан уланып" шетінеді


Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

Шымкентте бір отбасының екі сәбиі тамақтан уланып шетінеді. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар қызметі таратты.

Қарашаның үшіне бір әйел үш баласымен ауруханаға түскен. 1987 жылы туған анасы бір жасар ұлы және 11 жасар қызымен бірге дәрігер қорытындысы бойынша токсикология бөліміне ауыстырылған.

Дәрігерлер екі сәбиді құтқара алмаған. Құтқарушылар мәліметінше, 2015 жылы туған сәби инфекция бөлімінде, 2018 жылы туған сәби токсикология бөлімінде шетінеген.

Төтенше жағдайлар қызметі бұл отбасы тұратын үй орталық газ құбырына жалғанбағанын, екі сәби газдан уланбағанын хабарлады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG