Accessibility links

Өзбекстан ұлттық агенттігі Саида Мирзияеваның туған күнін "елеулі оқиға" ретінде көрсетті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияеваның Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінде жарияланған суретінің скриншоты.

Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі президенті Шавкат Мирзияевтің қызының 4 қарашадағы туған күнін елеулі оқиға ретінде көрсетті. Агенттік ол туралы ақпаратын "Президент Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева бүгін туған күнін мерекелейді" деп бастады.

Жаңалықтың бірінші абзацындағы Саида Мирзияеваның өмірбаяны бір күн бойы басты бетте, көрнекі орында тұрды.

Биыл қаңтарда Саида Мирзияева президент әкімшілігі жанынан құрылған Өзбекстанның коммуникация және ақпарат агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Өмірбаянына қарағанда, Мирзияева әлем экономикасы мен дипломатиясы университетінің заң факультетін бітірген. Алайда әкесі 2016 жылы Өзбекстан президенті болғалы бері мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істегені жайлы дерек жоқ.

Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, Шавкат Мирзияевтің екінші қызы Шахзода Мирзияева да мемлекеттік қызметкер. Шавкат Мирзияевтің ұлы Әлішер туралы ақпарат сирек кездеседі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG