Accessibility links

Қордайдағы жол апаты: Автобус жүргізушісі сотталды


Апатқа ұшыраған автобус. Қордай, 20 сәуір 2019 жыл.
Апатқа ұшыраған автобус. Қордай, 20 сәуір 2019 жыл.

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты сәуір айындағы 11 адам қаза тауып, 32 адам жараланған жол апатына қатысты үкім шығарды.

Жол апаты 20 сәуір таңертең Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолында болған. Сот материалдарындағы дерек бойынша, жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан. Ал артта келе жатқан автобус екі көлікке соқтығыспас үшін күрт бұрылып, жолдан шығып кеткен.

ІІМ дерегінше, жол апатынан қаза тапқандар – Қазақстан мен Өзбекстан азаматы.

Қордай аудандық соты айыпталушыны кінәлі деп тауып, бес жылға соттап, жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырды. Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, судья үкім шығарарда айыпталушының кінәсін мойындағанын, бұрын сотталмағанын ескерген. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасы – көлік апаттарының негізгі себебі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG