Accessibility links

Путин орыс тілін "русофобтар" мен "маргиналдардан" қорғау қажеттігін айтты


Ресей президенті Владимир Путин мектеп оқушыларымен сөйлесіп тұр. Ресей, желтоқсан айы, 2011 жыл. Көрнекі сурет.
Ресей президенті Владимир Путин мектеп оқушыларымен сөйлесіп тұр. Ресей, желтоқсан айы, 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Ресей президенті Владимир Путин әлемде орыс тілінің қолдану аясы тарылып бара жатқанын айтты. Оның пікірінше, бұған "жабайы русофобтар", "маргиналдар" мен "агрессивті ұлтшылдар" ықпал етіп отыр. Путин бұл пікірін 5 қарашада орыс тіліне арналған Кеңес жиынында айтты.

Ол орыс тіліне нақты қандай қауіп төніп тұрғанын ашып айтпады. Бірақ "Мемлекеттік тіл туралы" және "Ресей халықтарының тілдері" туралы заңға қажетті түзетулер енгізуді тапсырды. Бұған қоса, "сөздіктер мен анықтамалардың біртұтас жүйесін" жасау қажеттігін айтып, барлық мемлекеттік құрылымдар соған сай орыс тілін пайдалануы керек деді.

Орыс тілі әлемде жиі таралған алғашқы он тілдің қатарына енеді. Ол Ресей мен Беларусьте мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан мен Қырғызстанда ресми тіл ретінде танылған.

2018 жылға дейін орыс тілі Украинаның тоғыз аймағында аймақ тілі болып келді. Мамыр айында қабылданған жаңа заңда аймақ тілі туралы ұғым жоқ. Шілде айында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕҚЫҰ өкілімен Эстония мен Латвиядағы орыс тілінің жағдайы мәселесін талқылаған. Бұл мемлекеттерде орыс тілді мектептерді мемлекеттік тілге ауыстыруды көздейтін заңдар қабылданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG