Accessibility links

Қуғынға ұшыраған белсенді Ресейден кетті


Қырым татар белсенділерінің қуғындалуына қарсы жалғыз адамдық пикет өткізіп тұрған Дамир Мұхамадаев.

Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алғанын сынап, Қырым татар белсенділерінің қуғындалуына қарсылық танытқан Дамир Мұхамадаев Ресейден кетті. Калиниград қаласында тұрған белсенді 6 қарашада Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне өзі мен отбасының қауіпсіздігіне алаңдағандықтан басқа жаққа кетуге мәжбүр болғанын айтты.

Мұхамадаев - Қырым аннексиясына қарсы шеруге қатысқан азаматтардың бірі. Ол Ресей билігінің Қырым татар белсенділерін қудалауын да сынап, пикет өткізген. 2016 жылы белгісіз біреулер оны ұстап, ұрып-соққан. Ол бұған дейін Азаттық тілшісіне күштік құрылымдардың өзін информатор болуға үгіттегенін, егер келіспесе түрмеге жабамыз деп қорқытқанын да айтқан.

Ол Азаттық тілшісіне берген сұхбатында қауіпсіздік мақсатында нақты қай елге кеткенін айта алмайтынын жеткізді.

Ресей 2014 жылы наурыз айында Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алды және Украинаның шығысында сепаратистерге қолдау көрсетті. 2014 жылдың сәуір айынан бері Украина шығысындағы қақтығыстан 13 мыңнан астам адам өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG