Accessibility links

Гей екенін мәлімдеген соң жоғалып кеткен түркімен дәрігері табылды


Қасымберді Гараев.

Түркіменстанда өзінің гей екенін ашық айтып, "хабар-ошарсыз" кеткен 24 жастағы дәрігер табылды. 6 қарашада Азаттықтың Түркімен қызметінің (Азатлық радиосы) тілшілерімен сөйлескен Қасымберді Гараев бұған дейін айтқан барлық сөзінен бас тартып, Азатлыққа месенжер арқылы хабарласқанын да жоққа шығарған.

Ашғабаттағы ауруханалардың бірінде кардиолог болып істеген Қасымберді Гараев Түркіменстандағы ЛГБТ қауымы өкілдері арасынан алғашқы болып БАҚ-қа сұхбат бергеннен кейін көп ұзамай полицияға шақыртылып, кейін хабар-ошарсыз кеткен еді. Оның туыстарының да жоғалып кеткені хабарланған.

6 қарашада Қасымберді Гараев осы уақытқа дейін өзі туралы айтылған дерекке сенбеу қажеттігін айтқан. Гараев 21 қазанда Азаттықтың Түркімен қызметіне гейлердің қиын жағдайы туралы баяндап берген еді.

Ол жақындарынан кешірім сұрап жазған видеосын Азатлық радиосына байқамай жібергенін, видеоны басқа мақсатта жазғанын айтты.

Гараев дәрігер болып істеген Ашғабаттағы беделді ауруханалардың бірі Азаттықтың Түркімен қызметіне Гараевтың "қызметтен кеткенін" хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Гей екенін мәлімдеген адам мен оның отбасы жоғалып кетті

Түркіменстан әлем бойынша азаматтарды гомосексуализм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын 60 елдің қатарында қалып отыр. Постсоветтік елдер арасында қылмыстық кодексте мұндай бап Түркіменстаннан басқа көрші Өзбекстанда ғана бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG