Accessibility links

Twitter-дің бұрынғы қызметкерлерін Эр-Риядқа тыңшылық жасады деп айыптады


Көрнекі сурет.

АҚШ-тың әділет министрлігі Twitter-дің бұрынғы екі қызметкері және олардың Сауд Арабиясындағы әріптесін Эр-Риядқа тыңшылық жасады деп айыптады. Сот құжаттарындағы дерекке сәйкес, олар әлеуметтік желі қолданушыларының жеке деректерін жинап, Сауд Арабиясы билігіне берген және сол үшін сыйақы алған. Құжатта Эр-Риядты сынаған алты мыңнан астам Twitter қолданушысының жеке дерегі жайлы айтылады.

АҚШ-тың құқық қорғау органдары Twitter-дің бұрынғы қызметкерлері Әли Альзабара, Ахмад Абуаммо және Ахмед Альмутайриді шетел агенті ретінде тіркелмей, Сауд Арабиясына жұмыс істеді деп айыптап отыр. АҚШ азаматы Ахмад Абуаммо қамауға алынған. АҚШ-тың әділет министрлігінің хабарлауынша, қалған екеуі басқа елге кеткен. Қолданушылардың жеке деректерін бергені үшін Twitter-дің бұрынғы қызметкерлері Эр-Риядтан ақша және өзге де қымбат заттар алған.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі әріптесі саналатын Сауд Арабиясын Батыс адам құқығын өрескел бұзды деп бірнеше рет сынаған. Өткен жылы оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Эр-Рияд өткір сыналды. Сауд Арабиясы бұған қоса, Йемендегі азаматтық соғысқа араласқаны үшін сынға ұшыраған.

Twitter басшылығы АҚШ-тың әділет министрлігі мен ФБР-ға (федералдық тергеу бюросы) алғыс айтты. Компания өкілдері "Twitter арқылы пікірін айтып, сол арқылы биліктің жауапкершілігін арттыруға тырысқан адамдардың басындағы жағдайды” түсінетінін айтты.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG