Accessibility links

Құқық қорғау ұйымы өзбек журналисінің өлімін мұқият зерттеуге шақырды


Құқық қорғаушы Надежда Атаева.
Құқық қорғаушы Надежда Атаева.

Парижде шоғырланған Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі қауымдастықтың төрайымы Надежда Атаева Өзбекстанда "жол апатынан" қайтыс болған тәуелсіз журналистің өлімі "мұқият зерттелуі керек" деп мәлімдеді.

8 қарашада Азат Еуропа/Азаттық радиосына телефон арқылы сұхбат берген Атаева 6 қарашада "жол апатынан қайтыс болды" делінген журналист Давлатназар Рузметовтің өлерінен бұрын оның ұйымына бірнеше жылдан бері арнайы қызмет өкілдерінің өзін аңдып жүргенін айтқан. 6 қарашада 48 жастағы журналист Давлатназар Рузметовті Өзбекстанның батысында Хорезм қаласында "көлік қағып кеткені" хабарланған еді.

"Жол апатына дейін Давлатназарға жасалған қысым мен оның жергілікті биліктегі жемқорлықты әшкерелеп, аймаққа заңсыз еңбек күшін тарту жайлы мақалалар жазғанын ескерсек, оның жол апатынан емес, қастандықтан қаза табуы мүмкін деп айта аламыз" деді Атаева.

Құқық қорғаушы "халықаралық ұйымдардың араласуымен істі ашық әрі толық тергеу ақиқатты ашуға көмектесер еді" деп санайды.

Давлатназар Рузметов соңғы жылдары мақалалары үшін бірнеше рет қамалған. Атаеваның айтуынша, Хорезм Өзбекстанда қылмыс көп кездесетін криминалды аудандардың бірі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG