Accessibility links

Иранда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 520-ға жетті


Жер сілкінісінен қираған үйлер. Иран, Шығыс Әзербайжан провинциясы, 8 қараша 2019 жыл.
Жер сілкінісінен қираған үйлер. Иран, Шығыс Әзербайжан провинциясы, 8 қараша 2019 жыл.

Иранның мемлекеттік арналары 8 қарашада болған 5,9 магнитудалы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 520-ға жеткенін хабарлады.

Тегеранның солтүстік-батысына қарай 400 шақырым жерде орналасқан Шығыс Әзербайжан провинциясында 80-нен астам елді мекенде құтқару орерациясы аяқталғаннан кейін билік осындай деректі айтқан.

28 адам ауруханада жатыр, қалғаны жеңіл жарақат алған. Бұған дейін жер сілкінісінен бес адамның қаза тапқаны хабарланған.

Иранда тектоникалық плиталардың жылжуы байқалғандықтан жер асты дүмпулері жиі сезіледі. 6 қарашада Иранның Хормозган провинциясында 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.

2003 жылы тарихи Бам қаласында 6,6 магнитудалы жер сілкінісі болып, 26 мыңнан астам адам қаза тапқан. 2017 жылы Иранның батысында күшті жер сілкінісі болып, 600-ден астам адам қаза тапты, 9 мыңнан астам адам жараланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG