Accessibility links

Нұр-Сұлтан түбіндегі саяжай үйі өртеніп, екі сәби зардап шекті


Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет.

11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласына таяу маңдағы саяжайда үй өртеніп, 2016 және 2019 жылы туған екі сәби газдан уланды, кішісінің беті күйіп ауруханаға түсті,- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 11 қараша, дүйсенбінің кешіне "Керамика" саяжайында болған. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйдің шатыры мен ішіндегі жиһаздары жанып жатқан. Өрттің неден шыққаны анықталады,- дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртенген үйде балалы отбасы тұрған. Өрт шыққан кезде сәбилердің шешесі көшеде болған. Жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің қызметкерлері екі сәбиді құтқаруға көмектескен.

Биыл ақпанда Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал-1 ықшам ауданында өртенген үйде бес сәби қаза болған еді. Осыдан кейін қоғамда көп балалы әйелдердің наразылық акциясы көбейіп, тұрғын үй мәселесін, жәрдемақыны көбейтуді талап еткен болатын. Сәуір айында үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG