Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан жеті адам қаза тапты


Кабулда жарылған көлік, 13 қараша 2019 жыл.

13 қазанда Ауғанстан астанасы Кабулде көлікке қойған бомба жарылып, жеті адам мерт болды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жарылыс таңертеңгі қарбалас кезінде Касаба ауданында болған.

Жарылысты ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы мен «Ислам мемлекеті» террористік тобы бар.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахимидің сөзінше, қаза тапқандар – қала тұрғындары. Ел билігі мерт болғандар саны өсуі мүмкін деп қауіптенеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 11.12.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG