Accessibility links

Ирактағы билікке қарсы көтерілісте тағы төрт адам қаза тапты


Наразылардың бірі Бағдат көшесінде. 14 қараша 2019 жыл.
Наразылардың бірі Бағдат көшесінде. 14 қараша 2019 жыл.

Ирак астанасы Бағдатта полиция мен наразылар арасындағы қақтығыс кезінде төрт адам қаза тауып, 62 адам жараланды. Бұл туралы 14 қарашада Ирак билігі хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, қақтығыс Бағдаттың Хилани ауданында, Тахрир алаңының маңында болған. Дәл осы аймақта бір аптадан бері билікке қарсы наразылық өтіп жатыр.

Иракта билікке қарсы наразылық 1 қазанда басталған. Бағдатта және елдің басқа қалаларында ондаған мың адам көшеге шықты. Осы уақыттан бері кем дегенде 320 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды.

Наразылар елдегі жемқорлыққа, жұмыссыздыққа қарсы шығып жатыр. Олар биліктен нақты істер мен реформа талап етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG