Accessibility links

Калифорнияда мектепте атыс болып, екі адам қаза тапты


Санта-Кларитадағы мектептен оқушыларды эвакуациялау сәті. 14 қараша 2019 жыл.

14 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатында Санта-Кларита қаласында мектепте атыс болып, екі адам өлді, үш адам жараланды. Бұл ақпаратты жергілікті шериф кеңсесінің өкілі баспасөз жиынында хабарлады. 16 және 14 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан.

Бейсенбі күні 16 жасқа толуын тойлаған оқушы күдікке ілінді. Ол сабаққа қара киім киіп келіп, пистолеттен оқ атқан. Кейінірек өзін атқан.

Ауруханаға жеткізілген күдіктінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалады. Оқушының не үшін шабуыл жасағаны белгісіз.

Биыл Колорадо штатында "Колумбайн" мектебінде 20 жыл бұрын болған қанды шабуыл құрбандарын еске алмақ. Мектепке қарумен келген екі оқушы айналадағы адамдарға оқ атып, 15 адам өлген, 23 адам жараланған.

АҚШ-та қару-жарақ айналымын бақылауды күшейтуді қолдайтын Эверитаун коммерциялық емес ұйымның дерегінше, 14 қарашада болған оқиғаны есептегенде бір жыл ішінде осыған ұқсас 85 шабуыл болған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 11.12.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG