Accessibility links

Парламент сайлауы алдында Минскіде оппозиция акция өткізді


Оппозицияның қарсылық акциясы. Минск, 16 қараша 2019 жыл.
Оппозицияның қарсылық акциясы. Минск, 16 қараша 2019 жыл.

"Европейская Беларусь" азаматтық кампаниясы және тіркелмеген "Народная грамада" партиясының өкілдері 16 қарашада кешке Минскідегі Еркіндік алаңында митинг өткізді. Одан кейін акцияға қатысушылар Орталық сайлау комиссиясы жаққа қарай жылжыды.

Тәуелсіздік даңғылында белсенділерге белгісіз топ шабуыл жасады. Олар наразылардың қолындағы от шашуды қағып тастады.

Беларусьтің ішкі істер министрлігі және мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ғимаратының маңында оларға белгісіз топ тағы шабуыл жасады. Олар наразылар мен журналистердің қолындағы техниканы бүлдіруге тырысқан.

Оппозиция акциясы. Минск, 16 қараша 2019 жыл.
Оппозиция акциясы. Минск, 16 қараша 2019 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының алдындағы митингіден кейін наразылар әділетсіз сайлауға қарсылық танытып, депутаттыққа кандидаттар куәліктерін өртеді.

Құқық қорғау тобының дерегінше, акцияға шамамен мың адам қатысқан. 17 қазанда Беларусьте парламент сайлауы басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG