Accessibility links

Тбилисиде мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына қарсылық акциясына шықты


Грузин оппозициясының Тбилиси орталығындағы митингілерінің бірі. 14 қараша 2019 жыл.
Грузин оппозициясының Тбилиси орталығындағы митингілерінің бірі. 14 қараша 2019 жыл.

Грузия парламенті алдындағы мыңдаған адамның митингісінде оппозиция жетекшілері "Грузин арманы" билік партиясының төрағасы, миллиардер Бидзина Иванишвилиден үкіметті дереу отставкаға жіберуді талап етті. Олар тек қана партия тізімі бойынша кезектен тыс парламент сайлауын өткізетін және қамаудағы оппозиция саясаткерлерін босатуға жағдай туғызатын уақытша министрлер кабинетін құруды талап етті.

Биыл 20 маусымнан 21 маусымға қараған түні Руставели даңғылында Грузияға Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың келуіне қарсы шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болып, оппозиция белсенділері қамауға алынған болатын.

Билік бұл талаптарды орындаудан бас тартқандықтан жексенбі түстен кейін оппозиция "Грузин арманы" партиясының депутаттарына дүйсенбіден бастап жұмыс істетпеу үшін парламентке кірер есіктің бәріне тосқауыл қойды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG