Accessibility links

Александр Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетінін мәлімдеді


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусте парламент сайлауы өтетін күні, 17 қарашада президент Александр Лукашенко 2020 жылы өтетін президент сайлауына тағы да түсетінін хабарлады.

Минскіде журналистер алдында сөйлеген ол "президент сайлауы қарсаңында Конституцияны өзгерту ақымақтық болатынын және халық қаламаса билікке жабысып қалмайтын айтты. 65 жастағы мемлекет басшысы "креслоны қолы қалтырағанша ұстап отыру" ойында жоқ екенін мәлімдеді.

Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан басқарып келеді. Ол осыған дейін бес рет президент сайлауына қатысқан. 2004 жылы референдумда Беларусь халқы Лукашенконың президент сайлауына шексіз қатысқанын қалайтынын білдіріп, "дауыс берген".

Беларусьтегі парламент сайлауына дауыс беру процесі аяқталды. Сайлау органының дерегіне қарағанда, дауыс берушілердің 71 пайызы келген, барлық 110 сайлау округінде сайлау өтті деп саналады.

Беларусь ұлттық ассамблеясының төменгі палатасындағы 110 орынға 500-ден астам кандидат таласқан. Оппозицияға қатысы бар саналған 200-ден астам үміткерді "жеткілікті қол жинай алмады" деп тіркемеген.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдері сайлаудағы бақылау қорытындысын дүйсенбі, 18 қараша жариялайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG