Accessibility links

Помпео ирандықтарды "биліктің жаныштауы" жайлы ақпарат жіберуге шақырды


Бензин бағасының қымбаттағанына наразылық білдірген тұрғындар.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран тұрғындарын биліктің наразыларды "басып жаныштағанын" дәлелдейтін фото-видео айғақ жіберуге шақырып, Вашингтон "заңбұзушылықтар" үшін санкция салады деп мәлімдеді.

"Ирандағы наразылардан режимнің протестке шыққандарды басып жаныштағанын дәлелдейтін фото, видео және өзге де ақпарат жолдауын сұрадым. АҚШ [ол деректі] жариялап, сол үшін санкция салады" деп жазды Помпео 21 қарашада Twitter-дегі парақшасында. Ол жазбасын ағылшын және парсы тілінде жазған.

Бензин бағасының қымбаттауы мен жанар-жағар май тапшылығынан туындаған наразылықты басу үшін қатаң күш қолданған Иран билігін бұған дейін халықаралық ұйымдар айыптаған.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы жариялаған дерекке сәйкес, полициямен қақтығыс кезінде "ондаған адам қаза тауып, жараланған болуы мүмкін". Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Иранның түрлі аймағында жалпы саны 106 адамның өлгені туралы дерек барын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG