21 қарашада кешкі сағат 19.30 шамасында Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, үш адам жараланды. Бұл ақпаратты "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазТАГ" агенттігі хабарлады.
"Омбы - Майқапшағай трассасында Көкпекті елді мекені маңында жол апаты болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Lada Granta көлігі жол шетінде тұрған ешқандай белгісі жоқ "КамАЗ" көлігін соққан. Қатты соғылғандықтан седан көлігінде отырған бір жолаушы сол сәтте көз жұмды" деді ұлттық компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.
Ол сонымен бірге Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен сонда отырған екі жолаушының Көкпектідегі орталық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасы – көлік апаттарының негізгі себебі.
ПІКІРЛЕР