Accessibility links

Қазақстанда екі мыңнан астам өзбек азаматы әкімшілік жауапқа тартылды


Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін көші-қон мекемесі алдында кезекте тұрған мигранттар. Көрнекі сурет.

Қазақстанда жыл басынан бері екі мыңнан астам Өзбекстан азаматын әкімшілік жазаға тартқан. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Қазақстанға келу ережесін бұзғаны үшін Өзбекстанның екі мыңнан астам азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. 427 азаматтың елде болу мерзімі қысқарды, 186 азамат Өзбекстанға шығарылды" делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство дерегінше, Өзбекстанда қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген үш адам ұсталған. Бұған қоса, "шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан" 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылған. Қабылдау орындарына құжаты жоқ 218 шетел азаматы қамалған. "Көші-қон заңнамасын бұзу" фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі мыңдаған мигранттың көбі құқығын қорғай алмайды

БҰҰ-ның 2015 жылғы дерегі бойынша, Қазақстанда 3,5 миллион мигрант тұрады. Мигранттар көп шоғырланған қалаларға Алматы, Астана, Атырау, Маңғыстау облыстары жатады.

Құқық қорғаушылар мигранттардың құқығына қатысты жиі сыналатын Қазақстанды БҰҰ-ның еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерін қорғау туралы конвенциясын ратификациялауға шақырып келеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 11.12.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG