23 қарашада Францияның бірнеше қаласында әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы демонстрация өтті. Occurrence ұйымының есебінше, Париждегі акцияға 49 мың адам қатысқан.
Шараны әйелдердің Nous toutes («Біз барлығымыз») ұйымы ұйымдастырған. Оларды елдегі ондаған қауымдастық, кәсіподақ және саяси партия, Мюрьель Робен, Летиция Каста және Жюли Гайе сынды актрисалар қолдаған.
Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, белсенділер билікті әйелдерді кемсітушілікке, жыныстық бопсалауға және зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға шақырады.
ПІКІРЛЕР